Елорда тынысы

«Астана» келесі кезеңге өтті

«Астана» өз алаңында қарсыласын ойсырата ұтып, Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» мен «Корвинул» клубтары кездесті.

14 тамызда Алматыда елордалық «Астана» футбол клубы румыниялық «Корвинулға» қарсы қарымта матчын өткізіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл матчта астаналық ұжым сапынан Джеффри Чинеду (13 және 68-минут), Марин Томасов (57 және 75-минут), Назым Грипши (73-минут), Эльхан Астанов (84-минут) көзге түсті. Ал «Корвинул» сапынан Михай Велисар (78-минут) жалғыз голдың авторы атанды.

Румынияда өткен бірінші матчта «Астана» клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Айта кетейік, «Астана» футбол клубы келесі кезеңде «Сент Миррен» (Шотландия) – «Бранн» (Норвегия) командаларының жеңімпазымен ойнайды.

Сондай-ақ ертең, 15 тамызда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда армениялық «Пюникке» қарсы қарымта кездесуін өткізеді. Алғашқы ойында шымкенттік ұжым 0:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button