Басты ақпаратЕлорда тынысы

Астана күнінде аламан бәйге өтеді

Астана қаласының коммуникациялар орталығында Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов брифингке қатысты. Ал «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені басшысы Арман Мүсіпов көпсалалы кешеннің жұмысы туралы баяндады. 

Брифингте Астана қаласында ат спорты түрлері бойынша өтетін жарыстардың маңызын білдік.

– 26 ақпанда елордадағы «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің кубогы өтеді. Бұл жарыстың жүлде қоры – 12000000 теңге. Жарыс «Балалар санаты» бойынша биіктігі 110 см-ге дейін кедергіден секіру, 4 жастағы жас аттар 100 сантиметрге дейінгі кедергіден секіру, 5 жастағы 120 сантиметрге дейінгі кедергіден секіру, 6 жастағы 125 сантиметр­ге дейінгі кедергіден секіру және «Категория ашық класс» бойын­ша биіктігі 130 сантиметрге секіру бағдарламасы бойынша өтеді, – деді А.Хасенов.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әйелдер арасында да жарыс өтеді екен. Оған 30-ға жуық шабандоз қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 миллион теңгені құрайтынын білдік.

Наурыз мерекесінде Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қос­танай, Ақмола облысы мен Астана қаласының командасы «Қазанат» ипподромында бас қосып, көкпар тартады. Бұл шараның жүлде қоры – 19,5 миллион теңге (1-орын – 10 миллион теңге, 2-орын – 6 миллион теңге, 3-орын – 3,5 миллион теңге).

Астана күнінде аламан бәйге ұйымдастыру жоспарланып отыр екен.

– Ат спорты жарысының өзіндік ерекшелігі мен мақсаты бар. Мәселен, жарысқа келетін жылқылардың денсаулығына қойы­латын ветеринарлық талаптар қолданыстағы ветеринарлық заңнама мен ережелерге сәйкес келеді. Барлық жылқылар Қазақстан ат спорты федера­циясында тіркелуі, ұлттық жылқы паспорты болуы керек, – деді мемлекеттік жаттықтырушы.

Спикердің сөзінше, наурыз айында тұлпар тұяғымен Ұлы дала дүбірі жаңғырып, ұлттық рухты көтереді.

«Арғымақ» ат-спорттық сауық­тыру кешені 3 блоктан тұрады. Біріншісі – емдік атқа міну (иппотерапия). Екіншісі – балалар мен ересектерді атқа мінуге үйрету, түрлі деңгейдегі спорт іс-шараларын ұйымдас­тыруды қамтиды. Үшіншісі – спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізу.

– Ат-спорттық сауықтыру кешенінің жабық манеж алаңы бар. Оның биіктігі – 12 метр, аумағы – 40х80 метр. Онда 50 бас жылқыға арналған арнайы орын бар. Кешенде мультимедиалық құрылғылары бар 150 адамдық конференц-зал, әкімшілік бөлмелер орналасқан, – деді Арман Мүсіпов.

Ашық конкур алаңында 70х100 метр болатын 1232 адам­ға арналған трибуна төре­шілер орны және тағы басқасы қамтылған. Одан бөлек, 50 атқа есептелген 2 ат қора бар.

«Арғымақта» аттарды үйрету, оның ішінде асау атқа бас білдіру, аттарды арнайы дайындау және күту, ветеринарлық бақылау, тағы басқа жұмыстар жүргізіледі.

Қысқасы, «Арғымақ» кешені – қала тұрғындары мен қонақ­тарына ойын-сауық қызметін ұсынатын және бос уақытын белсенді өткізуге таптырмайтын орын.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button