Жаңалықтар

АСТАНА КҮНІ ЕРЕКШЕ ҰРАНМЕН ӨТПЕК

Астана күні

2015 жыл – Қазақстан халқы ассамблеясы жылы ретінде жарияланды. Келер жылы ассамблеяның құрылғанына тура жиырма жыл толады. Осыған байланысты елорда күнін «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» ұранымен өткізу жоспарлануда.

–  Дәстүрлі шаралармен қатар бірқатар өзге шараларды өткізуді де көздеп отырмыз. Атап айтқанда, осы жылы  «Мен қазақстандықпын» жастар форумы мен жалпы қалалық ұлттық ойындар форумы да өтпек, – деді Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Құсайынова.

Ол үшін қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мерейлі мерекеге жұртшылықты молынан тартып, мемлекеттік органдар мен ірі ұжымдық өндірістік кәсіпорындар арасында шығармашылық фестиваль ұйымдастырады.

Айту керек, ҚХА еліміздің ха­лықаралық беделін өсіріп, Қазақ­станды ұлтаралық дауларды келі­сіммен шешетін мемлекет ретінде әлемге таныта білді. Сондықтан, ассамблеяның ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен келісімді сақтауға  қосқан үлесі өте жоғары бағаланады. Қазіргі таңда оның құрамында үш жүз елу адам бар.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button