Жаңалықтар

«Астана LRT» мекенжайы өзгереді

«Астана LRT» компаниясының мекенжайы жақын уақытта өзгереді. Нәтижесінде, жаңа орындағы мекеменің қызмет ауқымы артып, жұртшылыққа қолайлы болмақ.


«Астана LRT» ЖШС орталық кассасының қызмет көрсету терезелері көбейтіледі. Енді 6 терезеге қосымша 4 орын қосылмақ. Осылайша елорда тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін 10 техникалық қызмет көрсету терезесі жұмыс істейтін болады.
Ал 12 қарашадан бастап орталық касса Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекенжайына өзгертіледі. Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімдірек болмақ. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, нақтырақ айтқанда, 6 қалалық және 2 экспресс-маршрут қатынайды.
Жаңа кеңсенің ауданы бұрын­ғысына қарағанда әлдеқайда үлкен. Тиісінше, қызмет көрсету терезелерінің саны да артып, оның нәтижесінде ұзын-сонар кезек те азаяды.
Естеріңізге сала кетейік,
«Астана LRT» ЖШС-тің орталық кассасында көлік картасын сатып алуға немесе оған ақша толтыруға, сондай-ақ қаражатты қолма-­қол қайтаруға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button