Басты ақпарат

Астана – мәңгілік елдің арқауы!

Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Елордамыз 15 жылдық белесін биік беделмен, асқақ абыроймен бағындырып отыр. Төрткүл дүние көз тіккен Астана қаласы «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізу мәртебесін иеленді. Бұл – мемлекетімізге деген әлем елдерінің биік сенімінің жемісі, Елбасыға көрсеткен зор құрметі мен ізгі ілтипатының көрінісі.

Бейбітшіліктің байтағына баланған, армандардың ақиқатына айналған Елорда – Елбасының төл туындысы. Дербестігіміздің айғағы, елдігіміз бен егемендігіміздің байрағы болған мерейлі мекен. Сондықтан да Елорда тойы – қашанда елдің тойы.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button