Елорда тынысы

Астана мектептерінде 27 мыңнан астам орын тапшылығы бар

Бұл туралы педагогтар форумында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның дерегінше, бүгінгі таңда елорлада 187 мектеп бар, онда 282 150 оқушы оқиды. Оның ішінде 110 мектеп – мемлекеттік , 70 мектеп – жеке және 7-еуі – республикалық .

Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың бала қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 24 100 бала қабылданды. Мектептердегі тапшылық – 27 800 мың оқушы орны. Осы мәселені шешу үшін биыл екі ауысымда 100 мыңға жуық оқушы орнына 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жыл соңына дейін 20-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланған, – деді Қасымхан Сенғазыев тамыз форумында.

Қыркүйекте бір ауысымда 15 850 мың орынға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі.

Осылайша, биыл жыл соңына дейін үш ауысымда оқитын 6 мектептің, бала саны шамадан тыс 9 мектептің мәселесі шешілді. Ал үш ауысымда оқитын 2 мектептің және бала саны шамадан тыс 7 мектептің орын тапшылығы мәселесі 2025 жылы шешіледі, – деді Білім басқармасының басшысы.

Сонымен қатар ол биыл елордада 33 білім беру нысанында жөндеу жұмысы жүргізілгенін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button