Білім

Астана мектептерінде қыш шеберханасы жұмыс істеуде

Жаңа оқу жылында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен елорда мектептерінде ашылған инклюзияны қолдау кабинеттерінде қыш шеберханалары маңызды орын алады.
Қазіргі таңда, осылайша Астана қаласындағы №97, №22, №36, №59 және №76 мектептерде 150 ерекше бала қыш шеберханасында жұмыс істеуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жетілдірілген сипаттағы, өзіндік үлгідегі инклюзияны қолдау кабинеті саз терапиясымен айналысуға арналған керамикалық станокпен жабдықталған. Мұнда балалар саз терапиясынан өтеді.

«Саз терапиясы гипербелсенділік және зейін жетіспеушілігінің белгісі мен басқа да зейін бұзылулары бар балалардың зейінің жақсаруына ықпал етеді. Саз терапиясы — қиялды дамытуға көмектеседі. Балалар ой-қиялы арқылы балшықтан әртүрлі пішіндегі бұйымдарды жасайды. Соның арқасында балалар бейнелеуді үйреніп, когнитивті қабілеттері дамиды», — дейді Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы, жобаны жүзеге асырушы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева.

Сарапшылардың пікірінше, бұл ойлау қабілеті кеш дамыған балаларға үлкен көмегін тигізеді. Саздан бұйымдар жасау — балаларға өз жетістігіне марқаю, көңіл-күйінің көтерілу сезімін береді. Бала өз жұмысының нәтижесін көреді. Ал, бұл оның өзін бағалауына көмектеседі. Ең бастысы – сазбен жұмыс баланы тыныштандырып, бойындағы мазасыздықты жеңілдетуге жәрдем болады. Олар қорқыныштары мен уайымын шығармашылық кезінде білдіре алады. Ал, бұл оларға ішкі арпалыстарын кедергілерді біртіндеп жеңуге ықпал жасайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button