Жаңалықтар

АСТАНА МЕН ӘБУ-ДАБИ БАУЫРЛАС

Алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы Әбу-Даби қаласының мэрі Авайда Муршед Әл Марар Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесуі барысында мәлім етті.

Қалалар арасындағы бауыр­ластық ахуал екіжақты қатынас­тарды дамытудың тиімді құралы болары сөзсіз. Қос шаһардың муниципалдық серіктестігі сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыс-тарды нығайтуға жәрдемдеседі.
Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі бүгінде Астананың 42 қаламен шарттық қатынастары жолға қойылғанын атап көрсетті. Екі астана арасындағы туысқандық қатынастардың айғағы – қазір­гі таңда Астанада салынып жатқан көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешені мен Шейх Халифа атындағы қазақ-әмірлік зияткерлік орта мектебінің құрылысы. Астана мен Әбу-Дабидың жемісті ынтымақтастығының көрінісі ретінде былтырғы жылдың 28 қазанында ұйымдастырылған Астанадағы алғашқы қазақ­стандық-әмірлік іскерлік форумы мен биылғы жылдың 16 ақпанында Әбу-Даби қаласында «БАӘ және Қазақстан: бір-біріне қарай қозғалыс» атты тақырыпта өткізілген екінші қазақстандық-әмірлік іскерлік форумын айтуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button