Ел тынысы

Астана мен Джакарта ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Сыртқы істер министрінің орынбасары Три Тариятпен кездесу өткізіп, оның барысында көпжақты ынтымақтастық, өңірлік және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тараптар бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтіп, екі елдің сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдауға қанағаттанғандықтарын білдірді.

Сонымен қатар, дипломаттар БҰҰ, МАГАТЭ және АӨСШК аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button