Жаңалықтар

АСТАНА МЕН ЛУГАНО: СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақ­станның елордасына жұмыс сапарымен келген Швейцарияның Лугано қаласының мэрі Марко Боррадоримен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің іскерлік және гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамып жатқаны атап өтілді. – Біз швейцарлық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, олардың көбі Астананың да, барша Қазақстанның да нарығында өздерін жақсы жағынан танытты, – деді Ә.Жақсыбеков кездесу барысында.
Өз кезегінде, Боррадори мырза 2015 жылғы сапарында көріп үлгерген Аста­наға тәнті екендігін жеткізді.
– Астана – өздігінен ерекше, бірегей қала. Оны алғаш рет көргенде-ақ, тәнті боласың. Сіздердің болашақты құру ниеттеріңіз, болашақты көздейтіндеріңіз мені одан да артық таң қалдырады. Жаңадан қала салу – бұл батыл қадам, – деді М.Боррадори. Ол Астананың Луганоға ұқсайтынын жеткізді, өйт­кені, швейцарлық компания­лар қала құрылысына атсалысты.
Астана мен Луганоның арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстанның жас елордасының қалыптасуы кезінде басталған болатын. Луганода орналасқан «Mabco Constructions S.A.» компаниясы Астананың құрылыс нарығына кірген алғашқы шетелдік компаниялардың бірі, ол осы күнге дейін қала құрылысына белсенді қатысып келеді.
Астана әкімі мен Лугано мэрі Халықаралық ынтымақтастық пен бірлескен іс-шаралар жоспары аясында екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы келісті. «Смарт сити» жобаларын дамытуға, білім, кәсіпкерлік және құрылыс салаларында тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Швейцарияда қонақ үй бизнесінің білім беру жүйесі, туристік сала жақсы дамыған. Бұл ретте Астаналық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісуге дайындығын білдірді. Тараптар екі жақтың кәсіп­керлік өкілдерінің бірлескен бизнес кез­десулері мен конференцияларын, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде Астанадағы Лугано күндерін өткізу туралы келісті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button