Sport

«АСТАНА» МЕН «ҚАЙРАТ» ТЕҢ ОЙНАДЫ

4c5a635d1801746c058ed0aa73e5f48a

Премьер-лиганың кезекті турында елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасты. Ойынды «Астана-Арена» стадионында тамашалаған 2000 жанкүйер төрт бірдей голға риза болып тарқасты.

Кездесудің 29-ыншы минутында Мужиков берген пасты ұтымды пайдалана білген Брессан алаң иелерін алға шығарса, 34-інші минутта «Астана» командасы Бауыржан Жолшиев соққан доппен есепті еселей түсті. Алайда, арада бес минут өткен соң қонақтар сапынан Плиев көзге түсті. Ол Бауыржан Исламханның орындауындағы бұрыштама допқа бірінші жетіп, Владимир Логиновскиден айласын асырды. Осылайша 2:1 есебімен алғашқы тайм бітті.

Ал, ойынның екінші бөлігі басталмай жатып-ақ «Қайрат» бірден шабуылға шығып, нөл ұпайға қанағаттанбайтынын білдірді. Олар алаң иелерін тықсыра түсіп, 65-минутта есепті теңестіріп кетті. Бұл жолы мергендігімен танылған футболшы – Аслан Дарабаев. Содан кейін ғана ес жиған «Астана» әлсін-әлсін Дмитрий Хомич қорғаған қақпаны қанша торуылдағанмен үш ұпайға қол жеткізе алмады.

XV турдан кейін «Астана» клубы 26 ұпаймен «Ақтөбе» және «Шахтердан» кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Елордалық футболшылардың келесі кездесуі 14 маусым күні Қостанай қаласында жергілікті «Тобылмен» өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button