Астана мен Санкт-Петербург арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Нева жағасындағы қалаға ресми сапардың қорытындысы Астана қаласының мәслихаты мен Санкт-Петербург қаласының заң шығарушы жиналысы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл туралы Санкт-Петербург заң шығарушы Жиналысының төрағасы Александр Бельскиймен 2024 жылдың мамыр айында Астанаға сапары кезінде келістік,- деп жазды Е.Каналимов.
Құжат экономика, мәдениет, туризм, сауда, жоғары және орта арнаулы білім беруді дамыту, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, сондай-ақ мәдени іс-шараларды бірлесіп өткізу сияқты салалардағы ынтымақтастықты көздейді. Меморандумнан бөлек алдағы 5 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді, оған орындау мерзімдерімен ынтымақтастық жөніндегі нақты қадамдар кіреді.