Жаңалықтар

АСТАНА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

53d5e8cc534b89d363141f58b01

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Астана тойы мен «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана – есірткісіз қала» атты мерекелік шара өткізді.

Ер азаматтар 3 шақырым, ал қыздар қауымы 1,5 шақырым қашықтықта жүгіруден жарысқа түсті.
Спорттық іс-шара ұлттық нақышта жалғасын тауып, жиналған қатысушылар бірлесіп «Қара жорға» биін билеп, қаланың жас әншілері өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Ал, «Жастар» сарайының алаңында әртүрлі мәдени бірлестіктер өкілі, театр әртістері мен шығармашылық орталықтар ұжымы көпшілік назарына нашақорлыққа қарсы күресті насихаттайтын қойылымдар ұсынды.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button