Ел тынысы

«Астана Опера» театрында Өзбекстанның атақты пианисті өнер көрсетеді

20 ақпан күні елордадағы «Астана Опера» театрында классик композитор С. Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойына арналған концертте Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Мадина Файзиева өнер көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Романспен кездесу» вокалдық музыка кешінде М.Файзиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері «Астана Операның» жетекші солисі Бибігүл Жанұзақпен және баритон Азамат Жылтыркөзовпен бірге өнер көрсетеді.

Мадина Файзиева — Өзбекстанның атақты пианистерінің бірі, әлемдік сахналарда да белсенді өнер көрсетіп жүрген тұлға.

Италия, Германияда халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып, пианистерді тәрбиелеп шығарғаны үшін «Тасанно» сыйлығымен, «Халықтық білім беру саласының үздігі» медалімен және «Жыл музыканты» сыйлығымен марапатталған. 

«Әлбетте, мен «Астана Опера» театрының даңқы мен оның атақты солистері туралы көп естідім. Қанық тембрлі, ғаламат дауысты қазақстандық әншілерінің арқасында Қазақстанның вокалдық өнері бүкіл әлемге танымал», – дейді пианист.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button