Қоғам

«Астана Опера» театрының директоры тағайындалды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 11 наурызда танымал театр қайраткері Александр Совостьяновты «Астана Опера» басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Театрдың баспасөз қызметі хабарлағандай, Александр Совостьяновтың есімі театр тарихымен тығыз байланысты.

2013 жылы «Астана Опера» театры құрылғанда ол оның бастауында болып, директордың орынбасары қызметін атқарды. Одан кейінгі жылдары «Астана Балет» театрын ойдағыдай басқарып, оның халықаралық аренадағы орнын нығайтты. Өнер және медиа саласындағы мол басқарушылық тәжірибесінің арқасында ол өзін білікті басшы әрі стратег ретінде көрсетті.

Ұжымға алғашқы үндеуінде Александр Совостьянов репертуарды кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға айрықша көңіл бөліп, «Астана Операның» театрлық дәстүрлерін дамытуды жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ ол жас дарындарды қолдау және көрермендер аудиториясын кеңейту жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Анықтама

– 2013 жылдан 2019 жылға дейін «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында директордың байланыс және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

– 2019 жылы «Астана Балет» театрының директоры болып тағайындалып, онда алты жыл еңбек етті.

– Медиа-индустрияда, оның ішінде «Нұр Медиа» холдингінде, Эра ТВ телеарнасында (жетінші арна) және Астана телеарнасының құрамына кіретін Үлкендерге арналған радио компаниясында жұмыс істеді.

Дубайда «Астана Опера» спектаклін 12 мың көрермен тамашалағанын жазған болатынбыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button