Мәдениет

«Астана операда – «Алпамыс»

Кеше «Астана Опера» театрында көрнекті композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы өнерсүйер қауымға ұсынылды. Өткен жылдың желтоқсан айында премьерасы өткен ұлттық туынды либреттосының авторы – Қаз КСР халық әртісі Кәукен Кенжетаев. Қоюшы режиссері – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясының халық әртісі Юрий Александров. Операны аталмыш өнер ошағында бүгін де тамашалауға болады.

[smartslider3 slider=2137]

Осы жолы туындының бас кейіпкерлерінің бейнесінде жаңа әртістер көрінеді. Гүлбаршынның партиясында сахнаға алғаш рет театрдың жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай мен Айзада Қапонова шығады. Жауыз мыстанның бейнесінде театр солисі Елена Ганжа дебют жасайды. Осы кейіпкерді Гүлжанат Сапақова да сомдайды.

Басты партия Алпамыстың рөлін театр солистері Ержан Саипов пен Расул Жармағамбетов орындайды. Жер-Ана – Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская, Тайшық хан – Шыңғыс Расылхан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбық­баев, Қарагөз – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Әсем Сембина. Жыраудың бейнесін алғаш рет Хайдар Мұстапин таныстырады. Кейқуат – Әлихан Зейнолла, Абылай Бекен, Қараман – Бейімбет Таңарықов, ал екінші күні осы рөлде Ерұлан Камел дебют жасайды. Ұлтан – Рамзат Балакишиев, Тазша – Бейбіт Баянбаев, Аян Жаймағанбетов.

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі, хоры, балеті мен мимансы өнер көрсетеді. Музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

 Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button