Ел тынысы

Астана педагогтері республикалық байқауда топ жарды

Астана педагогтері республикалық байқауда топ жарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Алматы қаласында бастауыш сынып педагогтері арасында «Әдістемелер» байқауының республикалық кезеңі өтті.
«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қызығушылықты қалыптастырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл байқауға Астана, Алматы қалалаларының жеңімпаздары қатысып, өз жұмыстарымен таныстырды.
Байқауға ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
– «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі;
– Жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі;
– Методологиялығы;
– Технологиялығы;
– Тиімділігі.
Байқау нәтижесі бойынша: Астана қаласындағы Шәкәрім Құдайберді атындағы N56 мектеп-лицейінің педагогі Айдана Серікбаева бас жүлдені иеленді. N44 Рақымжан Қошқарбаев атындағы орта мектебінің педагогі Салтанат Жакишева III орын, N64 мектеп лицейінің педагогі Кәмшат Тәжібаева III орын алды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button