Астана прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады
Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратура қызметінің басым бағытының бірі. Елорда прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысын тұрақты негізде жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2020 жылдан бастап Астанада “Еркетай” ЖШС 90 жұмыс орнын құрайтын жалпы сомасы 1,3 млрд теңгенің “Балабақшасы бар мектеп салу” инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Оның құрылысы аяқталғаннан кейін уәкілетті орган инвесторға объектіні пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан. Бұл шешім жобаның техникалық күрделі объект ретінде қате жіктелуіне байланысты қабылданып, мемлекеттік сараптамадан өтуді талап еткен, – делінген прокуратура хабарламасында.
Елорда прокуратурасының қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвестор рұқсат беру құжаттарын алып, объект пайдалануға берілді.
Сонымен қатар кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Инвесторларда проблемалық мәселелер туындаған жағдайда бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильді топқа 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алатынын еске саламыз.