SportЖаңалықтар

«Астана» – «Қайрат» 1:0

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында кезекті турдың ойындары өтті.

450_5725dd466b1d6

Турдың орталық матчын «Астана Арена» стадионында тамашаладық. Жанкүйерлер «екі астананың дербиі» деп атап жүрген матч шынымен де өте тартысты өтті. Алайда матч тағдырын бір ғана гол шешті. Ойынның 6-ншы минутында Серікжан Мужиков «Қайрат» қақпасына қарай айып добын бағыттаған. Əуелетіп келген допқа бірінші болып Неманья Максимович үлгерді. Оның баспен ұрған соққысына қонақтар қақпашысы  қауқар көрсете алмады. Осылайша есеп ашылып, осы көрсеткіш ойын соңына дейін өзгермей қалды.

Сонымен көпшілік күткен дербиде «Астана» жеңіске жетті.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button