Руханият

Астана қаламгерлері форум өткізді

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі XXVІ қалалық тіл фестивалін өткізді. Фестивал аясында Астана қаласы қаламгерлерінің қатысуымен «Алтын-қалам» тақырыбында семинар-форум өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Форум тізгінін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы ұстады.  Ауқымды шараға Астана қалалық филиалындағы ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысып, ел өміріндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында ел болашағы үшін айтылған мәселелер кеңінен талқыланды.

Алғашқы болып сөз алған Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Зиябекұлы басқарма тарапынан істеліп жатқан істер туралы баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, қаламгерлердің қандайда бір ұсыныстары болса ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Ары қарай әдебиет, мәдениет төңерегінде ой қаузап, сөз қозғаған қалам иелері бірінен кейін бірі өз ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ жиын барысында қазіргі әдебиеттің қал-жайы, жастардың беталысы, қаламақы мәселесі сияқты көптеген түйткілді түйіндердің шешу жолдары қарастырылып, ұсыныстар берілді. Соңында АЭС тақырыбы да назардан тыс қалмады.

Зиялы қауым өкілдері де қоғамның бір бөлігі ретінде бұл мәселеге аса қатты назар аударатындықтарын жеткізіп, оның тиімді және тиімсіз тұстары, алдағы уақытта мамандар тарапынан көптеп түсіндірілсе екен деген уәжбен келісті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button