Ресмиет

Астана қаласы мәслихатының шешімі

Астана қаласы                09.07.2013                 № 162/19-V

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары  туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы сәулет, қала құры­лысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шіл­де­дегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақ­шасын және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаң­тар­дағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасын басшы­лық­қа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» Астана қаласы мәсли­ха­ты­ның 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шеші­міне (нормативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуір­де № 671 болып тіркелді, 2011 жылғы 21 сәуір­дегі № 47 «Вечерняя Астана» және 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Астана ақшамы» газет­те­рінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:

1-тарауда:
1-тармақтың отызыншы абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«мамандандырылған сәулет ұйымы – өкі­лет­­ті­гі мен міндеттері Жарғымен және осы Ере­­­же­­мен белгіленетін, негізгі қызмет түрі қала құры­лысы қызметін жүзеге асыру үшін бас­тап­қы-рұқсат беретін құжаттар дайындау, жер­ учас­­ке­­ле­рін бөлу сызбасын, Астана қаласы бас жос­па­рының нобайын, жағдайлық сызба, ор­на­­лас­­тыру сызбасын, жер учаскелерін орналастыру сызбасын және таңдау актілерін әзірлеу, топо­гра­фия­лық және атқарушылық түсі­рі­­лім­­дер­ді орындау, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі белдеу­лерін бөлу, ғимараттар мен құры­лыс­тар салу үшін учаске шека­ра­ларын болмысқа шығару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объек­ті­леріне мониторинг жүргізу, Астана қала­сының кезекші жоспарын жүргізу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжи­нирингтік қызмет көрсету, жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында бірыңғай сәулет сти­лінде құрылыс салу үрдісіне қатысу болып табы­латын әкімдікпен құрылған заңды тұлға;»;
1-тармақ келесі мазмұндағы ұғымдармен толық­­тырылсын:
«Астана қаласының кезекші жоспары­ (кезек­ші­ жоспар) – Астана қала­­сы­ның аума­ғын­да сәу­лет, қала құрылысы және құрылыс қыз­ме­­ті­­­нің ағымдағы жағдайын көрсететін кезекші топо­гра­фия­лық жоспар;
жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауар­ларға, тауар бел­гi­лерiне, жұмыстарға, көр­­се­­тi­ле­тiн қыз­мет­тер­ге қызығушылықты қалып­­тас­­­тыруға немесе қолдауға арналған және­ оларды өткiзуге жәр­дем­десетiн кез келген нысан­да, кез келген құралдардың көмегiмен тара­ты­ла­тын және орналастырылатын ақпарат;
жарнама алаңы – жарнамалық-ақпараттық құрылғысын, маңдайшалар мен басқа да сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату үшін жобамен қарастырылған, ғимарат (құрылыс, құрылым) қасбетінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттың (құрылыс, құрылым) сыртқы бетінің арнайы кеңістігі;
жарнама алаңы тұжырымдамасы – жылжымайтын мүлік объектісін салу, қайта жаңарту кезінде жеке құжат немесе жал­пы­ жобалау құжат­та­масының бөлігі түрінде сәулет және қала құры­лысы органымен келісілетін, сыртқы (көрнекі) жарнама, маң­дай­ша­лар және бас­қа да жарнама объектілерін орналастыру­ үшін ғимараттардың (құрылыстардың, құрылым­дар­­дың) сыртқы бетін немесе жарнамалық-ақпарат­тық­ құрылғыларын кешенді безендіруді және жаб­дық­тау­ды қарастыратын сәулет-көркем тұжы­рым­дамасы;
жарнамалық-ақпараттық құрылғысы – жарнама тарату, халықты ақпараттандыру мақсатында Астана қаласының аумағында орна­тыл­ған, жерде немесе сыртқы қабырғаларда, ғимараттың, құрылыстың, құрылымның шатырларында және басқа да құрылымдық элементтерінде немесе олардан тыс, сондай-ақ қалалық жерүсті көлігі қозғалысының аялдама пункттерінде және қала инфра­құ­ры­лы­мының басқа да объектілерінде орнатылған объект;
маңдайша – сауда жасау (қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау) субъектісі тауар­лар­ды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыс­тарды орындайтын жерлердегі жылжымай­тын­ объектілерде орналастырылатын, оның эмбле­ма­сын, тауарлық бел­гі­лерін, брендтерін қоса алған­да, осындай субъектінің атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат;
объектiлер мониторингi – сәулет, қала құры­лы­сы­ және құрылыс қызметi объектiлерiнiң жай-күйi мен өзгерiстерiн байқау жүйесi;
сыртқы (көрнекі) жарнама – жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайда­ланудағы автомобиль жол­­да­­ры­­ның бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орна­лас­тырылған жарнама.»;
5-тарау келесі мазмұндағы 42-1-тармақпен толық­ты­рылсын:
«42-1. Жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскелері тек қана жеке тұрғын үй құрылысына байланысты мақсат үшін пайдалануға жатады.».
6-тарау келесі мазмұндағы 46-1 және 46-2-тар­мақ­тармен толық­тырылсын:
«46-1. Жер учаскелерінде құрылыс салу бекітілген қала құры­лыс­тық құжаттамамен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
46-2. Астана қаласының аумағындағы құры­лыс­тың жай-күйі туралы өзекті ақпарат қалыптастыру мақсатында жаңаруы мен өзгеруі тұрақты негізде жүзеге асырылатын кезекші топографиялық жос­пар жүргізіледі. Кезекші жоспарды жүргізуді маман­дандырылған сәулет ұйымы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.»
келесі мазмұндағы 65-1 тармақпен толық­ты­рыл­­сын:
«65-1. Объектілерді жобалау мен салу үшін жер учаскелерін беру жөніндегі бастапқы-рұқсат беретін құжаттар әзірлеу маман­дан­ды­рыл­ған сәулет ұйымымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»
70-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«70. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы табиғи-ауа райлық, сейс­ми­ка­лық және қала құрылысы жағдайын ескерумен түрлі мақсаттағы объек­ті­лерді жобалау, сондай-ақ сәулеттік шешім, қас­бет­тер мен ішкі орын-жайларды, төбе төсемі мен шатыр орын-жайларын қазіргі заманғы құры­лыс және әрлеу материалдарын қолданумен әрлеу, төбе жабындары мен объектіге жапсарлас­ аумақ­тан­ атмосфералық құбылыстардың су қашыртқы жүйесін өндіру, көшелер мен аумақтың өту бөлік­терінің жабындысын төсеу, шағын сәулет нысан­дары, жарнама және жарнама алаңы­ның тұжы­рым­дамасын сақтау, тәуліктің қараң­ғы уақы­тын­да жарықтандыру мен жарық түсіру жөніндегі жалпы ұсынымдарды және Астана қаласына арналған қала құрылысы регла­мент­те­рі­не сәйкес басқа да ережелерді қамтиды.»;
9-тарау келесі мазмұндағы 93-1-тармақпен толықтырылсын:
«93-1. Жеке тұрғын үйді жобалау Әкімдіктің жобалауға рұқсат беру туралы қаулысының негізін­де жүзеге асырылады.»;
145-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы жер заңна­ма­сын­да белгіленген тәр­тіпте жобалауға рұқсат беру, құрылыс салуға рұқсат беру туралы және жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жазбаша өтінішпен Астана қаласының әкімдігіне жүгіну;»;
13-тараудың 155-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«155. Тұрғылықты жері бойынша уақытша металдан жасалған гараждарды орнатуға және пайдалануға жеке меншік құқығында көлік құрал­да­ры бар және Ұлы Отан соғысына қатысушылар немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманың расталған (МЭС) анықтамасы (қорытындысы) бар, тірек-қозғалыс жүйелері зақым­дан­ған мүге­дек­тер болып табылатын тұлғалардың құқығы бар.»;
13-тарау келесі мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:
«§4. Жарнамалық-ақпараттық құрылғыларын, сыртқы (көрнекі) жарнамаларды, маңдайша жазуларды және басқа да жарнама объек­ті­лерін орналастырудың сәулеттік ерекшеліктері.
170-1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы, маң­дай­ша жазуларды және басқа да жарнама объектілерін орналастыру Қазақстан Рес­пуб­ликасының жарнама туралы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
170-2. Жарнамалық-ақпараттық құрыл­ғы­ла­рын, сыртқы (көрнекі) жарнамаларды,­ маң­дай­ша­ларды және басқа да жарнама объек­­ті­лерін ғимараттардың (құрылыстардың, құры­лым­дар­­дың)­ сыртқы бетінде орналастыру ғима­рат­тың (ғимараттардың, құры­лыс­тардың) жарнама алаңы шегінде, құрылымдық құрылысын, сти­листикалық бірлігін сақтай отырып және қас­бет­терді сыртқы әрлеуді ескеріп, жарнама ала­ңы­ның тұжырымдамасына толық сәйкес болғанда жол беріледі.
170-3. Жаңа құрылыс объектілері бойынша жарнама алаңының тұжырымдамасы нобай жобаны жобалау және әзірлеу сатысында әзірленеді.
170-4. Ғимаратты (құрылысты, құрылымды) қайта жаңарту кезінде жарнама алаңының тұжы­рым­дамасы қайта жаңарту бойынша жобалау құжат­та­масының бір бөлігі ретінде әзірленеді.»;
Қағида осы шешімге 1-5-қосымшаларға сәйкес 3-7-қосым­ша­лар­мен толықтырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қол­да­нысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы – Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button