Жаңалықтар

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов журналистермен кездесті

Осы күнге дейін қоғамдық кеңестің 11 отырысы өтіп, онда қалалық әкімдіктің және мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің 80 жобасы талқыланды.

9930ca62617fef2be6f51d0b8a8

Қаралған маңызды құжаттардың ішінде өткен жылғы Астана қаласы бюджетінің орындалу барысы, 2016-2018 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің жобасы бар.

Сонымен бірге, соңғы кездері халық назарын аудартып отырған бас  қаланың ақылы көшелерін (учаскелерін) пайдалануға беру ережелері, елорда аумағындағы автотұрақтарды ұйым­дастыру, қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру төлемінің электронды жүйесіне көшіру, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, энергетика, сәулет және қала құрылы саласында мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысты мәселелерді қарастырды.

«Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру – біздің кеңестің басты міндеті.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамытуды арттыру мақсатында бағытымызды айқындап, жұмысымызды жүргізіп келеміз» деді төраға.

 

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button