Ресмиет

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефондары 8 (7172) 55-66-05, www.saryarka.astana.kz, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 46 720 теңгеден бастап 55 923 теңгеге дейін.
Қойылатын талаптар: (Әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, эконо­микалық, құқықтық) жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ұйымның тиісінше қызметіне сәйкес жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, мүгедектер мен баланың құқық­тары туралы БҰҰ Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Халықты жұмыспен қамту», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақ­стан Республикасындағы тілдер туралы» Заңда­рын, Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнау­лы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартын, «Қазақ­стан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Үйде әлеу­меттік көмек көрсету бөлімшесінің жұмысына басшылық жасайды. Әлеуметтік қызмет көр­сетуге мұқтаж және бөлімше қызметінің аума­ғында тұратын қызмет алушыларды анықтау және есепке алу жұмысын қамтамасыз етеді. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлімше мамандарының жұмысы көлемін және қызмет алушыларды санын белгілейді. Өз қыз­меті және бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.
2. Әлеуметтік жұмысы жөніндегі маманы (2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік – негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 38 933 теңгеден бастап 42 827 теңгеге дейін.
Қойылатын талаптар: (Әлеуметтік, меди­циналық, педагогикалық, эконо­микалық, құқық­тық) жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.
Қазақстан Республикасының Конституция­сын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, мүгедектер мен баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын, Қазақстан Респуб­ликасының «Неке және отбасы туралы», «Қа­зақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Халықты жұмыспен қамту», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақ­стан Республикасындағы тілдер туралы» Заңда­рын, Халықты әлеуметтiк қорғау саласында ар­нау­лы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Әлеу­меттік қызмет көрсетуге мұқтаж және бөлімше қыз­метінің аумағында тұратын қызмет алушыларды анықтайды және есепке алады. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлімше мамандарының жұмысы көлемін жасайды. Өз қызметі және бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжат­тар: (белгіленген нысандағы өтініш, 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған жеке іс парағы; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал-ды куәландырылған көшiрмесi; алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжатты; Қазақстан Республикасы азаматы­ның жеке куәлігінің көшірмесі) осы хабар­ландырудың соңғы басылымынан кейін, ресми бұқаралық ақпарат құралдарында («Астана ақшамы», «Вечерняя Астана») соңғы жария­ланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде келесі мекен-жайға ұсынылуы қажет: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ, 203-бөлме.
Конкурс комиссиясының қарауына құжат­тарды қабылдау мерзімінде аза­маттардың өздері әкеліп берген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналас­тырылған) құжаттары қабылданады.
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кандидаттар әңгiмелесу өтетiн күн туралы хабарландырылады және оны Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button