Sport

Астана қаласында кроссфиттен кә­сіпқойлар арасындағы чемпионат бас­талды

Елордамызда екінші рет өткізіліп отырған дүбірлі додада қазақстандық және ресейлік атлеттер күш сынасады.

022

Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өтетін бұл жарыста спортшылар екі күн бойы дене жаттығуларының ауыр атлетика, гимнастика, кардиожаттығулар секілді жеті түрі бойынша сайысқа түседі. Бұл додада Астана намысын 50-ге жуық атлет қорғайды. «Кроссфит спорты кәсіби түрде елімізде жылдан жылға дамып келе жатыр. Ерекше философияны қажет ететін спорт түріне, әсіресе, Астана қаласында қызығушылық өте жоғары. Әуесқой түрде айналысқан атлеттер бүгінде кәсіби деңгейге көтеріліп, биік белестерді бағындырып жатыр» дейді Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.


021
Жарыс 20 тамызға дейін жалғасады. Сол күні «CrossFit Astana Bolashak Cup 2016» корпоративтік турнирі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байрақты бәсекеге тек кәсіпқойлар ғана емес, әуесқойлар да қатыса алады. «Кроссфит – адамның дене даярлығын жан-жақты дамытуға бағытталған спорт. Нағыз кроссфиттер барлық жүктемелерге дайын болуы керек. Бүгінде бұл спорт түрі бұқаралық спорт түріне айналып отыр. Әуесқой жастар қатары да молайып келеді. 27 тамыз күні кроссфиттен әуесқойлар арасындағы жарыс ұйымдастырылады. Оған 200-ден астам адам қатысады деп күтілуде» деді CrossFit Force Astana бас директоры Ерік Қарабаев.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button