Ресмиет

«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, densaulyk.astana.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс жариялайды:

1. Әкімшілік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 84 563-тен 114 032 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ден­саулық сақтау басқармасының жиындары мен отырыстарын ұйымдастыру (баяндамалар мен материалдар да­йын­дау). Құжат айналымындағы заманауи әдістерді енгізу жөніндегі жұмыс және орындау тәртібін бақылау. Басқарманың және ведомствоға қарасты медициналық мекемелерде мемлекеттік тілді дамыту мен заңнаманы жүзеге асыру. Бөлімнің құзыреттілігіне кіретін басшылық тапсырмасын орындау. Басқарма және ведомствоға қарасты ұйымдар қызметінде заңдылық қам­тамасыз етілуіне қатысу, нормативтік құжаттарды,өкімдер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындауға қатысу, Басқарма мүддесін сотта қорғау.
Конкурсқа қатысушыларға қойы­латын негізгі талаптар: Денсаулық сақтау және әлеу­меттік қамсыздандыру (медицина), құқық, әлеу­меттік ғылым­дар, экономика және бизнес, гумани­тарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функ­ционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарла­малары бойынша Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадр­лар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесі жоғарғы немесе бірінші біліктілік санаты, денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы, WORD, Excel, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі қаланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін және т.б. денсаулық сақтау саласында қарым-қатынасты реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, функционалдық міндеттерді атқаруға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі қажет.

2. Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық база бөлі­мінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063 тен 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндет­тері: Мемле­кеттік сатып алудың ашық конкурстарын өткізуге құжаттарды дайындау, электронды сатып алу әді­сімен баға ұсыныстарына сұраныс жасау. Медициналық мекемелердің негізгі құралдары мен автокөліктерін теңгерімнен теңгерімге өткізу және есептен шығаруды келісу. Өткізілген мемлекеттік сатып алу жөнінде Қаржы басқармасына есеп ұсыну.
Конкурсқа қатысушыларға қо­йылатын негізгі талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), құқық, әлеуметтік ғы­лымдар, экономика және бизнес сала­сындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын және т.б. денсаулық сақтау саласында қарым-қатынасты реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, функционалдық міндеттерді атқаруға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі қажет.
Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы, WORD, Excel, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі қаланады.

3. Ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық жал­ақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Аку­шерлік-гинекологиялық бейін бо­йынша халыққа амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуге бақылау жүргізуді ұйым­дастыру және жүзеге асыру, бейін бо­йынша штаттан тыс бас мамандардың жұмысын басқару, ана өлімі мен ауруға шалдығу, бейін бойынша статистикалық есеп берулерді талдау.
Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласындағы жоғары білім.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мүмкіндігінше жоғарғы немесе бірінші біліктілік санаты болуы қаланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесінің болуы. WORD, Excel, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін және т.б. денсаулық сақтау саласында қарым-қатынасты реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, функционалдық міндеттерді атқаруға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі қажет.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған кө­шiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құ­қықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана
ақшамы») соңғы жарияланған күні­нен бастап 10 жұмыс күннің ішінде «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 417 бөлмеге құжаттарды тапсыру қажет.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде аза­маттардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін, электрондық пошта арқылы тапсырған азаматтар құжаттарының түпнұсқасы, әңгімелесуге дейін кемінде бір жұмыс күн ішінде тапсырылуы қажет.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-да үміткерлерді әңгімелесуге шақырған күннен кейін бес жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқау­шылар ретінде Қазақ­стан Республикасы Пар­ла­ментінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мем­лекеттік органдардың, қоғамдық бір­лестіктердің (үкіметтік емес ұйым­дардың), коммерциялық ұйым­дардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button