«Астана қаласының құрметті азаматтары»
40 адамнан тұратын «Астана қаласының Құрметті азаматтары» тізіміне бас қаламыздың дамуына сапалы еңбек сіңірген 4 адам ресми түрде қосылды. Мәслихат депутаттары олардың кандидатураларын бекітті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жұмада оларға салтанатты жағдайда «Астана қаласының Құрметті азаматы» куәліктері мен ленталарын табыс етті.
Олар – Медицина ғылымдарының докторы, академик Абай Байгенжин, қоғам қайраткері, елорданың білім басқармасының бұрынғы басшысы Асима Бимендина, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, ҚР Президенті басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Сергей Фомичев, сондай-ақ «Mabetex Group» президенті Африм Пакколи.
Олардың есімдері әр қала тұрғынына белгілі және қаламыздың дамуына сүбелі үлес қосты.