Қала мен Сала

Астана: қыс ғажайыптары

Астана жаңа 2024 жылды қарсы алуға ­дайындалуда. Әсіресе кешкі мезгілде елорданың көшелері, ­бульварлары мен даңғылдарының бойындағы жарық шамдар қалаға ерекше көрік беріп тұр.

Мерекелік іс-шаралар ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында елорданың бас шыршасын жағу салтанатты рәсімінен басталды. Бас шыршаның биіктігі – 25 метр. Ол сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, түрлі түсті гирляндалармен безендірілген. Жоғары жағында 2 метрлік ұлпа қар іспеттес жарық-ойыншық орналасқан. «Нұр әлем» сферасының маңайы қысқы ойын-сауық үшін жабдықталған. Мұнда жаңа жылдық фотоаймақ, жәрмеңке, мұз айдыны, слайдтар бар.

Елорданың 5 ауданында 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды. Жаңа жылға дейін 60-қа жуық сырғанақ пен мұз айдыны ашылады. Олардың барлығы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады деп хабарлады қалалық Урбанистика орталығы. Көше бойында орналасқан түрлі жарықдиодты фигуралар, жарықдиодты жарықтандыруы бар арт-нысандар астаналықтардың жаңа жылдық көңіл күйін көтеретіні сөзсіз. Енді аудандардағы мұз айдыны мен сырғанақтар туралы ақпарат берейік.

Алматы ауданы. Қазақ елі алаңы: сырғанақтар, мұз айдыны; Триатлон паркі: сырғанақтар, мұз айдыны; Президент паркі: сырғанақтар, мұз айдыны; Оқушылар сарайы: сыр­ғанақтар; «Нұрлы жол» теміржол вокзалы: сырғанақтар; Сарайшық шағын ауданы: сырғанақтар; Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар тұрғын алаптары: әр массивте бір сырғанақ; «Арқар» көпірінің астында: мұз айдыны.

Нұра ауданы. Орталық саябақ: сырғанақ, мұз айдыны; «Хан Шатыр» СОО жанындағы аумақ: екі сырғанақ және мұз айдыны; «Азия Парк» СОО: сырғанақ; Үркер тұрғын алабында орналасқан Айғыржал көшесінің бойындағы сквер: сырғанақ.

Сарыарқа ауданы. Бөгенбай батыр даңғылы, 43 бойындағы сквер: мұз айдыны; қалалық алаң: екі сыр­ғанақ және мұз айдыны; «Көктал» саябағы: екі сырғанақ және мұз айдыны; Кенесары хан ескерткішінің жанын­дағы Есіл өзенінің жағалауы: 6 сырғанақ және мұз айдыны; Оқ­жетпес-А.Герцен көшелерінің қиы­лысы: сырғанақ.

Байқоңыр ауданы. Жастар сарайы: сырғанақ, мұз айдыны, слайдты жабдықтау жоспарлануда, сондай-ақ жаңа жылдық шырша орнатылады; Ататүрік саябағы: мұз айдыны, слайд; Жазушылар аллеясы: осы учаскеде слайдты жабдықтау, шыршалар, жаңа жылдық инсталляциялар орнату жоспарлануда; Өндіріс тұрғын алабы: мұз айдыны мен сырғанақ; Кирпичный тұрғын алабы: мұз айдыны, сырғанақ; Казгородок тұрғын алабы: сырғанақ, шырша; СМП (Кеншілер көшесі 5, 126-көше) тұрғын алабы: слайдтар мен шыршалар орнатылады; Қоянды (Алаш тасжолы) тұрғын алабы: слайд, шырша орнатылады.

Орталық алаңда жасыл шырша безендірілген. Мұнда үлкен сырғанақ, мұз айдыны, мұз қоршауында шанасы бар бұғы, жарықтандырылған фотоаймақтар орнатылды.

Карина КУЩАНОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button