Жаңалықтар

АСТАНА – СӘН ҮЛГІСІНІҢ ОТАНЫ

МИЛАН, НЬЮ-ЙОРК, ЛОНДОН ЖӘНЕ ПА­РИЖ КЕШЕГІНІҢ ЕНШІСІНДЕ, АЛ БҮГІНГІ СӘН ҮЛГІСІНІҢ ОТАНЫ – АСТАНА! ОСЫНДАЙ ҰРАНМЕН «БӘЙТЕРЕК» МОНУМЕНТІНІҢ ТҮБІНДЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН НЕМІС ДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ФЭШН-ШОУ БОЛДЫ.

«Astana fashion show-2012» шарасына қатысу үшін Германияның белгілі дизайнерлері Ксения Зелинг пен Дэнди Циммерман 2013 жылдың көктем-жазына арналған жиынтығын ала келіпті. Қазақстан тарапынан бұл шараға жас дизайнерлер Әйгерім Акенова мен Дариға Тайшықова қатысты. Олар да өздерінің қолынан шыққан сән үлгілерін Астана жұртшылығына таныстырды.

*Сүбелі сөз 

Гидо Херц, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

– Неміс сән үлгілері әлемдегі ең үздік халықаралық трендтердің қатарында. Былтыр Германияның сән саласындағы тауар айналымы 13 млрд еуроны құрады. Германияда қазір танымал брендтердің саны 70-ке жуықтайды. Міне, олардың жүріп өткен ізімен Германия мен Қазақстанның жас дизайнерлері де өз соқпақтарын салғалы отыр. Осылайша, «Astana fashion show -2012» шарасы арқылы Астана да әлемдік сән көшіне қосылады деп айтуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button