Елорда тынысы

«Astana Smart City Accelerator»

«Astana Smart City Accelerator» бағдарламасы пилоттық жобаларды іске қосу үшін стартаптар дайындап жатыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Astana Hub-та «Astana Smart City Accelerator» бағдарламасының аралық қорытындыларына арналған іс-шара өтті. Қатысушылар елорданың өміріне өзгеріс енгізетін жобаларын таныстырды.

Стартаптар экология, көлік, медицина және қоғамдық қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттарда инновациялық шешімдер ұсынуға арналған.

Питчинг қорытындысы бойынша стартаптар іріктеліп алынады, олар жақын арада өз шешімдерін пилоттық кезеңге өткізеді және Astana Hub-тан Seed Money бағдарламасы аясында 5 млн теңгеге дейін қаржыландыру алады.

2024 жылғы маусымда цифрландыру басқармасының бастамасымен Astana Hub және Астана Innovations бірлесіп іске қосылған бағдарлама қалалық ортаны жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін IT-стартаптарды қолдауға бағытталған. Бағдарламаға қатысуға барлығы 128 өтінім келіп түсті, оның 107-сі бастапқы іріктеуден сәтті өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button