Жаңалықтар

Астана-Триатлон паркі ашылды

Кеше елордада  ерекше спорт нысаны – Астана-Триатлон Паркі  ашылды. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жаңа кешеннің ашылу салтанатына қатысып, осы күнге орайластырылған әуесқой велосипедшілердің жарысына старт берді. 

21_1

Астана басшысы спорт ке­шенінің Стрит Воркаут алаң­қайын аралап көріп, спорт ке­шенін балаларға арналған алаң­дармен толықтырып, теннис корты мен жеңіл атлетикалық манеж ашуға болатынын айтты.
Ал, қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Астана-Триатлон Паркі астаналықтар мен қала қонақтарының сүйікті спорт алаңына айналып, са­лауатты өмір салтын жақтай­тындар осында келіп спортпен айналысатын болады» деген үмітін білдірді.
Ат шаптырым алқапты алып жатқан спорт нысаны саламатты өмір салтын қолдайтындар үшін тамаша тарту болды. Спорт кешенін тұрғызған BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев бұл кешенді қала күніне арнайы тартуымыз деп бағаласа, марафоншы Марат Жыланбаев мұндай спорт нысаны тек қана елімізде емес, ТМД елдері бойынша тұңғыш ашылып отырғанын атап өтті. Желаяқ спортшы жаңа кешенінің жаяу жүгіруге арналған жолдары барлық та­лаптарға сай келетінін айтты.
– Енді триатлонмен айна­лы­­суға барлық мүмкіндік бар. Алдағы уақытта спорттың осы түрімен айналысатындардың қатары көбейетін болады. Ал мыңдаған әуесқойлар үшін бұл нысан таптырмайтын спорт алаңына айналады деп ойлаймын, – деді ҚР кәсіби және әуесқой триатлон федерациясының президенті, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мұратхан Тоқмади.
Осылайша, Астана күні мерекесі үстінде халыққа пайдалы тағы бір спорт кешені пайдалануға берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button