Астана ауданы

Астана триатлон паркі

Астана триатлон паркі – елордамыздағы ірі саябақтардың бірі. Жаяу жүру, жүгіру, шаңғы тебу және велосипед тебуге арналған арнайы жолдары бар демалыс аймағы 2016 жылдың шілде айында елорданың 18 жылдығына орай Қазақстанның ірі құрылыс холдингі Bi Group атынан ашылды.

[smartslider3 slider=1108]

Саябақ қаланың шығыс бөлігінде Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ пен Президент саябағының жанында солтүстік-батыс жағынан ол Есіл өзенімен шектеседі, өзеннің бойымен оң жағалауда созылып жатыр. Оған қарама-қарсы жағынан Қадырғали Жалайыри және Елім-Ай көшелері іргелес түскен. Паркте жыл сайын түрлі спорттық іс-шаралар өтеді. Осы аймақта  жыл сайын IRONMAN 70.3 ASTANA өткізіледі. Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген триатлон бойынша бұл жарыс «Best New Events» 2018 санатындағы «Global athlete satisfaction award» марапатына ие болды. Астана триатлон паркі 45 гектар жерді алып жатыр. Бүгінгі таңда оның аумағында үш шеңберлі жолы парктің аумағын сақина секілді құрсаулап тұр. Ең сыртқы жол велосипедшілерге арналған. Ол асфальтталған және оның бүкіл ұзындығы бойынша (2300 метр) арнайы таңбаланған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button