Қоғам

Астана тұрғыны жеңгетайлықпен заңсыз 2 млрд теңгеден астам қаражат тапқан

ҚМА Астаналық департаменті боди массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырып, алынған қылмыстық кірістерді заңдастыру схемасын анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 млрд теңге қылмыстық табыс алған.

Параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді.

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 млн теңгені заңдастырып, 95 млн теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:

– 350 млн теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 ш.м. коммерциялық үй-жай;

– 92 млн теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 ш.м. 5 екі бөлмелі пәтер;

– 667,5 млн теңгеге Астана қаласында жалпы ауданы 784 ш.м. жер учаскелері бар екі коттедж;

– 335,4 млн теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 ш.м. 2 пәтер мен тұрақ орын;

– 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.

Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды.

Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 млн теңгеге қайта сатып 51,5 млн теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан.

Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 млрд теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді.

Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған ақпарат берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.

Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, “АФМ Insider” телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button