SportЖаңалықтар

«АСТАНА» ТҮРКИЯҒА АТТАНАДЫ

a47eec8349adbdf5ccfb1f2d44e321b4

Футболдан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы атанған «Астана» командасы жаңа маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 10-20 желтоқсан аралығында өткізілмек. Биыл чемпиондық атаққа қол жеткізген негізгі ойыншылардың бәрі дерлік команда құрамына шақырылған. Сонымен қатар, клубтың жастар командасында тәрбиеленген бірнеше жас ойыншылар да оқу-жаттығу жиындарына қосылмақ.

«Астана» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын алдағы көктемде алматылық «Қайрат» командасымен өткізеді. Қазақстан чемпионы мен Қазақстан кубогының жеңімпазы Суперкубок үшін таласатын болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button