БілімЖаңалықтар

АСТАНА ҰБТ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫН

УБТ

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде түлектер қаперге алуға тиісті бірқатар ережелер бар. Осы ретте ҰБТ өткізу тәртіптері туралы парақшалар қаладағы барлық мектеп түлектеріне таратылды. Сонымен бірге ата-аналарына да ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру түбіртектері үлестірілді. Бұл туралы Білім басқармасы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі арқылы мәлімдеді.

ҰБТ кезінде түлектерге қара және көк түсті қалам, қарындаш және өшіргіш қолдануға рұқсат етіледі. Ал қою гельді қалам пайдалануға, емтихан материалын рұқсатсыз ашуға және айырбастауға, орын ауыстыруға, оқулық, аудиторияға шпаргалка кіргізуге және пайда­лануға, көшіруге, электронды құрылғыларды(калькулятор, ұялы телефон), түзету сұйықтықтарын пайдалануға тыйым салынады.

Ереже бұзылған жағдайда тыйым салынған заттарды табу актісі жасалып, түлек аудиториядан шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ жалпы орта білім берудегі оқыту пәндері негізінде Ұлттық тестілеу орталығы жасаған тест тапсырмаларынан тұрады. Әр пән бойынша 25 тест тапсырмасы бар. ҰБТ тапсыруға әр түлекке 3,5 сағат уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға жол берілмейді. Ал нәтижелері 125 балдық есеппен және жалпы орта білім беру аттес­татын алу үшін бес балдық жүйеде бағаланады.

Егер ҰБТ нәтижесі тестілеу қатысу­шыларын қанағаттандырмаса, олар аппеляцияға бере алады. Аппе­ля­цияға беру тәртібі мен уақыты ата-аналар мен түлектерге таратыл­ған парақшаларда көрсетілген.

Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша ата-аналар мен қатысу­шы­ларды күні бұрын ҰБТ өткізу тәртіптерімен таныстыру даулы сұрақ­тардың алдын алады және мейлінше сенімді кірісуге әрі дайын­далуға мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button