Елорда тынысы

«Астана – үлкен ортақ үй» құс үяларын жасау іс-шарасы өтеді

21 тамыз күні елордадағы Ботаникалық бақта «Астана – үлкен ортақ үй» атты құс үяларын жасау іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстандық белгілі хоккейші, «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко осы іс-шараның арнайы қонағы болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара қала тұрғындарын игі іске біріктіріп, Астананы адамдар үшін ғана емес, қанатты құстар үшін де жайлы мекен етудің жарқын үлгісі болмақ.
«Қаламызды мекен ететін құстар үшін жаңа құс үйлерін құру жобасына қатыса отырып, сіз елорданың экологиясын жақсартуға өз үлесіңізді қосып қана қоймай, сонымен қатар құстарға арналған жайлы үйлер құру бойынша жұмыс атқарып, шығармашылық қабілетіңізді шыңдауға да мүмкіндік аласыз», — делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Қазақстандық белгілі хоккейші, «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко аталған іс-шараның арнайы қонағы болмақ. Іс-шара барысында хоккей жұлдызымен қолтаңба-сессиясы да ұйымдастырылмақ.
Іс-шара 21 тамыз күні Ботаникалық бақта сағат 15:00-де басталады.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 700 543 8585 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button