Sport

АСТАНА ҮКІЛЕГЕН АЛЫПТАР

Қыркүйектің 22-сі күні елордадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық бәсекесі өтеді. Оған еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларының іріктеу кезеңінен іркілмей өткен 32 балуаны қатысады. Сондай-ақ, былтырғы жарыстың жеңімпазы Ұлан Рысқұл мен дзюдодан Лондон Олимпиадасында өнер көрсеткен Ержан Шынкеев те белдеседі.

 Ал айтулы аламанда Астана қаласынан Ғани Сейділдаев пен Дархан Бижанов бәсеке көрігін қыздырмақ.

Ғани Сейділдаев:

– «Қазақстан барысы» турниріне биыл екінші рет қатысқалы отырмын. Былтыр тұңғыш рет өткізіліп отырғасын аздап қобалжу болғаны рас. Енді бұл жарыста Астананың намысын қолдан бермеймін. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деген барлығын боз кілем көрсетеді.

 

 

 

 

Дархан Бижанов:

– Астана қаласынан «Қазақстан барысына» 2 балуан қатысамыз. Күніне екі мезгіл дайындалудамыз. Дайындығымыз жақсы. Жарысқа қатысушылар кілең «сен тұр, мен атайындар». Жеңіске жету үшін барымды саламын.

 

Турнирдің бас демеушісі ≪Самұрық- Қазына≫ ұлттық әл-ауқат қоры ≪Қазақстан барысы≫ атанған балуанға бас жүлде – 150 мың, ал бас жүлдегердің бапкеріне – 50 мың,екінші орын алған күміс жүлдегерге – 30 мың, оның бапкеріне – 10 мың, ал қола жүлде иегеріне – 10 мың, бапкеріне – 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған. Көрермендер де құр қол қалмайды. Билет нөмірі бойынша ұтыс ойнатылады. Бас жүлде – автокөлік. Ендеше, көптен күткен күрестен қапы қалмаңыз, ағайын!

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button