Sport

«Астана» ұзап барады

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті ойынын «Астана» командасы Таразда өткізіп, жеңіске жетті.

1

Бұл ұлттық біріншіліктің көш басында және соңында тұрған командалардың кез­десуі болды. Биылғы маусым басталғалы әр команда 14 ойыннан өткізді. «Астана» бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татса, «Тараз» бір-ақ рет жеңіске жеткен екен.
Тараздағы ойын да осы көрсеткіштерге сай өтті деуге болады. «Астана» футболшылары Серікжан Мужиков пен Джордж Деспотович мергендігімен танылды. Ал алаң иелері қаншалықты тырысқанымен, қонақтар қақпасының құлпын бұза алмады. Осылайша, «Астана» 2:0 есебімен кезекті жеңісіне жетті.
Турдың басқа ойындарында мынадай нәтижелер тіркелді: «Қайрат» – «Атырау» 5:2, «Оқжетпес» – «Ақжайық» 4:2, «Тобыл» – «Ордабасы» 1:0, «Жетісу» – «Ақтөбе» 1:1, «Ертіс» – «Шахтер» 0:0.
«Астана» келесі ойынын 11 маусым күні «Астана Арена» алаңында өткізеді. Қарсыласы – «Жетісу».
Турнир кестесінде әзірге «Астана» 37 ұпаймен топ ішінен ұзап барады. Екінші орында 31 ұпай еншілеген «Ертіс», ал 26 ұпай жинаған «Қайрат» үздік үштікті түгендеп тұр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button