Жаңалықтар

«АСТАНА» — «ЯНГ БОЙЗ» МАТЧЫ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

yang-bojz-kopiya

Бүгін, 29 қыркүйек күні «Ас­тана Арена» стадионында Еуропа лигасы аясында өтетін «Астана» – «Янг Бойз» матчы кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойындағы Керей-Жәнібек хандары кө­ше­сінен Хусейн бен Талал көшелеріне дейінгі жол бөлігі жабылады.

Бұл жолмен жүрушілерге Орынбор көшесімен айналып жүруге кеңес беріледі.

Бұл жол учаскесінде көлік қоз­ғалысы такси және қоғамдық кө­лік­терден басқа автомобильдер үшін сағат 19.00-ден бас­тап матч аяқталғанға дейін шек­теледі.

Жанкүйерлер үшін матчқа апа­ратын арнаулы автобустар сағат 19.00-де мына жерлерде күтетін

болады: «Қазақ­стан» СК, Аста­налық цирк, Қ.Мұ­ңайтпасов атын­дағы стадион, «Хазірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіті.

Жол жүру бағасы – 90 теңге.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button