Қоғам

Астана және Марокко: мәдениеттерді біріктіретін бауырлас қалалар

Республика күні қарсаңында Марокконың бас қаласы Рабаттағы үлкен сахна – Мұхаммед V атындағы Ұлттық Театрда Астана қаласының Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы мен Рабат қаласының Үлкен оркестрінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана мен Рабат қалаларының бауырластығы шеңберінде өткен іс-шараға марокколық мемлекеттік мекемелер, іскер топтар, азаматтық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ студенттер және дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстандағы реформалар, маңызды іс-шаралар және халықаралық бастамалар, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары туралы айтты.

Іс-шараның құрметті қонағы болған Марокконың Ауыл және балық аулау шаруашылығы, ауыл аймақтарын дамыту, су мен орман министрі Мұхаммед Садиқи бауырлас халықтар арасындағы барлық салалардағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Рабат қаласының мэрі Фатиха Әл-Мудни бауырлас Астана және Рабат арасындағы 2024-2027 жж. арналған Жол картасында айқындалған іс-шаралар жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.

Орындаушылар қазақ және марокколық туындыларды бірлесіп орындап, еліміздің сауда-экономикалық және туристік әлеуеті туралы бейнероликтер мен фотокөрме ұсынылды.

Осылайша, Марокко астанасында өткен қазақ мәдениетінің кеші тыңдаушылардың жүрегін жаулап, дәстүрлі музыкалық аспаптардың әуені ерекше әсер қалдырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button