Астана жасанды интеллект ортасына айналады
Мемлекет басшысы өзінің биылғы жолдауында ел дамуындағы барлық басты тұстарды ашып атап өте отыра, инновацияға үлкен назар аударатынын жеткізді. Соның бірі де, бірегейі – жасанды интеллектті елімізде қолдану аясын кеңейту жайы. Президент Астана қаласы жасанды иинтеллект ортасына айналатынын жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктері мол екенін жоғары бағалап, оны еселей түсуге шақырды.
«Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады» – деді ол.
Осы ретте Астана қаласында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар одан әрі жандана түскен атай кеткен абзал. Оның алғашқы кезеңі халықтың IT сауатын, соның ішінде жасанды интеллектіні меңгеру машығын арттыруға негізделген. Президент жолдауынан кейін іле-шала, яки 12 қыркүйек күні Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) мен Astana Hub еліміз бойынша халықты жасанды интеллектті (ЖИ) күнделікті өмірде қолдануға үйрету курсын қолға алды. 30 қыркүйек пен 27 қазан аралығында өткен сабақтар дайындық деңгейіне қарамастан баршаға арналған және қатысушыларға ЖИ негіздерін меңгеруге және осы білімді нақты мәселелерді шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға арналды. Ол машықтар ЖИ-ді қаржы, денсаулық сақтау, маркетинг және көлік сияқты әртүрлі салалардағы тиімділікті арттыруға қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі. 4 апталық тегін курс «AI People» бағдарламасы бойынша жүрі. Оның қатысушылары 20-дан астам ЖИ құралына қол жеткізе отырып, шығармашылық жұмыс пен жазуға арналған 40+ промпттарды меңгерді. Үдерістерді автоматтандыру және бюджетті оңтайландыру секілді әдістер үйренді.
Еліміз бойынша жалғасып жатқан бұл жұмыстардың тағы бір көрінісі – 9 қазан күні Қазақстанда алғашқы Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің ашылуы. Мұндай бастаманы Мемлекет басшысының бастамасымен жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту аясында Astana Hub халықаралық технопаркі қолға алды. Бұл жоба 2025 жылы мектеп оқушылары, студенттер, зерттеушілер мен кәсіпкерлердің басын қосатын Ұлттық жасанды интеллект орталығын құрудың бастамасы болмақ.
Бұл саладағы жұмыстар одан әрі жалғса беретін болады. Президеннттің тапсырмасы бойынша Ұлттық орталық қрудың сыртында да көптеген жұмыстар тұр.
«2025 жылы Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы аяқталмақ. Еліміз үшін бұл жобаның маңызы зор. Сол арқылы мәліметтердің халықаралық арнасымен және трансшекаралық ағынымен байланысты цифрлық инфрақұрылым құра аламыз.
Жалпы, телекоммуникация желілері мен дата-орталықтарын барынша жетілдіруге, кибер-қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын енгізуге және мамандарымыздың біліктілігін арттыруға қатысты жұмысты жалғастыру керек», – деді Президент.
Ендеше, еліміздің жетістіктерін халықаралық қауымдастық да жоғары бағалап отыр. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының UN E-Government Survey есебінде Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтерілді, осылайша бұрынғы көрсеткішін 4 сатыға жақсартты. Бұл – Қазақстанның БҰҰ рейтингіне қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесінің бірі. Рейтингте электронды қызметтердің дамуы, адам капиталы, телекоммуникациялық инфрақұрылым бағаланады. Бұл ретте еліміз өте жоғары EGDI көрсеткіші бар елдер тобына кіріп отыр.