Ел тынысы

Астана жастары түрлі саланың үздіктерімен тәжірибе алмасады

Астана қаласы әкімдігі «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы өткізетін «Jastar Talks» жобасы – жастарға арналған платформа. Оның негізгі міндеті – түрлі саланың үздік өкілдерімен пікір алысып, тәжірибе алмасу. Кездесулерге қатысатын спикерлер – спортшылар, блогерлер, медиа тұлғалар және т. б. Олар жастармен өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынды ынталандырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Jastar Talks» жобасы 2020 жылы бастау алған болатын. Онда жастар сұрақтар қойып, қаладағы жастар мәдениеті мен өмірін жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынды.

2024 жылдың басынан бері «Jastar Talks» жобасы аясында түрлі бағыттағы спикерлермен 4 кездесу өткізілді. Спикерлер: ММА бойынша әлем чемпионы Аманжол Өтеуов; ММА бойынша Қазақстан чемпионы Руслан Шаносов; шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжғалиев; 24KZ арнасының жүргізушісі, «PRESIDENT» арнайы жобасының авторы және жүргізушісі Әділ Балтабаев; Хабар телеарнасының журналисі, блогер Мөлдір Доспаева.

Сондай-ақ алдағы 1 наурызда бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және жаттықтырушы Мұхит Амантаевпен кездесу жоспарланған.

Биылға әртүрлі спикерлермен және қоғам қайраткерлерімен көптеген кездесулер жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button