Қала мен Сала

«АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙДЫ

астана жұлдыздары

Шілденің үшінде Бейбітшілік және келісім сарайында кәсіби музыкалық «Астана Жұлдызы» ұлттық бәйгесі екінші мәрте өтеді. Оның бастамашысы – Астана қаласы әкімдігі. Ұйымдастырушы – «Adam Media Group». Жобаның басты мақсаты – кәсіби білікті сарапшылардың таңдауы арқылы ұлттық музыканың өркендеп, өрлеуіне ықпал ету, сапалы музыканың сұранысқа кеңінен ие болуына жағдай жасау. Бәйге болашақ Қазақстанның жарқын келбетімен байланысты болмақ.

Бұл музыкалық бәйге алғаш рет Астана күні­нің 15 жылдығына орай ұйымдастырылғаны белгілі. Жобаның бастамашылары кәсіби өнерпаздар арасында резонанс тудырған конкурстың отандық өнер­дің өркендеуіне тигізер оң әсе­рін ескере отырып, шараны жыл­ сайын өткізуді ұйғарды.

Алғашқы қадамнан-ақ «Астана Жұлдызы» Қазақ­стан шоу-бизнесіндегі ең жарқын жобаға айналды. Былтыр Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева сынды еліміз­дің танымал әншілері, «МузАрт», «Ұлытау», «Musicola», «КешYou» топтары, Әли Оқапов, ағайынды Задарновскийлер секілді дарынды жастар бәйгенің жеңімпаздары атанды. Осы жылы аса маңызды бәйгені кім иеленеді? «Астана Жұлдызы-2014» бәйге­сінің лауреаттары кімдер болмақ?

«Астана Жұлдызы» әлемдегі ең танымал музыкалық бәйгелер ережесіне сай жүзеге асады. Жобаның басты ерекшелігі – жүлдегерлерді таңдаудағы кәсібилік. Отандық музыканың дамуына, жаңарып, жаңғыруына әсер еткен үздік өнерпаздарды құрамында 100 кәсіби маман – еңбегі сіңген әртістер, продюсерлер, композиторлар, ақындар, музыка және fashion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері бар Қазақстанның Музыкалық Академиясы таңдайды. Дауыс берудің осы жүйесі әлемдік деңгейде қолданылып жүр.

Үздіктерді анықтау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 11 аталым бойынша 3 үміткерді лайық деп таниды. Екінші кезеңде сарапшылар әр аталымнан ең мықтыны таңдайды. 11 аталым жеңімпаздарының есімдері ресми марапаттау рәсімінде 3 шілдеде белгілі болады. Бұл күні Астанадағы жанкүйерлердің қолдауына лайықты отандық ең үздік танымал жандар мен өнер адамдары Бейбітшілік және келісім сарайы алдына төселген қызыл кілем үстімен жүріп өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button