Қала тіршілігіМәдениет

«АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» ЖАРҚЫРАЙДЫ

астана жулдызы 2

Былтыр қазақ эстрадасындағы өнер жұлдыздары арасынан кәсіби есімдерді анықтау үшін «Астана жұлдызы» ұлттық музыкалық бәйгесі қолға алынған еді. Аталмыш жоба кәсіби білікті сарапшылардың таңдауы арқылы дарындыларды анықтап, ұлттық музыка өнерінің одан әрі өркендеп, даму көкжиегін кеңейтуді мақсат етеді. Бастамашысы – Астана қаласының әкімдігі. Ұйымдастырушы – «АDAM Media Group» компаниясы.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған өнер додасының жеңімпаздарын анықтау сәті де қаланың туған күнімен тұспа-тұс белгіленген. Дәлірек айтқанда, 3 шілдеде «Үздік этно-топ», «Үздік эстрадалық дуэт», «Үздік композитор», «Жыл әні», «Ең стильді әнші» секілді 11 аталым бойынша үміткерлер таңдалады. «АDAM Media Group» компаниясының бас продюсері Динара Адамның айтуынша, қазылар құрамы осал емес. Отандық музыканың дамуына, жаңаруына үлес қосқан үздіктерді іріктеушілер құрамында еңбегі сіңген әртістер, продюсерлер, композиторлар, ақындар, музыка және fashion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері және т.б. бар. Дауыс берудің осы жүйесі әлемдік деңгейде кеңінен қолданылып жүр. Сайдың тасындай іріктелген музыка майталмандарына «Астана жұлдызы» кубогы тапсырылады.

Аталмыш өнер додасына арналған баспасөз мәслихатында Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов солтүстік жартышарда Арыстан шоқжұлдызындағы бір жұлдызға «Астана жұлдызы» атауы берілетінін айтты. Тіпті, оны дәлелдейтін сертификат та қолдарында екен.

«Ғарыш-Жер» халықаралық жұлдыздар кітапшасына тіркелген 14-көлемдегі жұлдызды телескоппен көруге болады. Орналасқан жері: батысы 09 24 44.34 және шығысы 20 06 15.2.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button