Қала мен Сала

АСТАНА: ЖЫЛ АЙНАЛҒАНДА

Өткен жыл Елорда үшін толайым табысы мол кезең болды. Экономикалық даму, шаруашылық, өнеркәсіп, жер, энергетика, жол және көлік қатынасы, әлеуметтік саясат және тұрғындардың тұрмыс деңгейін жоғарылату салалары айтарлықтай дамыды.

 

ІШКІ ӨНІМ ҰЛҒАЙДЫ

IMG_56482013 жылы Астананың ішкі өңір­лік өнімі 2 трлн 700 млрд теңгені құрады. Макроэкономикалық өсім 6,5 пайызға жетті. Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары құны 263 млрд теңгеге тең өнім шығарған. Экономиканың нақты секторында 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, орташа номиналды еңбекақы 159 мың теңгені құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің шаруасы алға жылжып, бұл салада 190 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, мемлекеттік бюджетке қаламыздан 610 млрд теңге түскен. Қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің айтуынша, бұл көрсеткіштердің қағазға түскен саны емес, әрбір астаналықтың әл-ауқатына тигізер сапасы әлдеқайда маңызды.

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР КӨБЕЙЕДІ

IMG_7044

2013 жылы 1880 орындық сегіз балабақшаның құрылысы аяқталды. Биыл тағы 15 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі іске қосылады. Президент тапсырмасына сәйкес, 2013 жылы 4 орта мектеп пайда­лануға берілсе, ағымдағы жылы 9 мектепті тапсыру жоспарда бар.

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында емханалар жүктемесін азайтуға барынша мән берілуде. 2012-2013 жылдары екі аурухана мен екі емхана пайдалануға берілді. 2014 жылдың екінші жартысында сол жағалаудағы 500 орындық амбулаториялық-емханалық кешен мен Ильинка кентіндегі және Досмұхамедов көшесіндегі емханалар пайдалануға беріледі. Бұған қоса, қала үшін қажетті, мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері салынуда. Мәселен, 250 орындық емханасы бар Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы 2015 жылы пайдалануға беріледі. Балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы биыл тапсырылса, Туберкулезге қарсы диспансер 2016 жылы іске қосылады.

АУҚЫМЫ ЗОР АЛТЫ ЖОБА

IMG_0105

2013 жылы Астананың «Индус­триялық парк» аумағында сегіз жаңа өндіріс орны ашылды. Соның арқасында қаланың өнер­кәсіп өнді­рісінің көлемі соңғы үш жыл ішінде екі еседен артқан.

Апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді сүріп тастау жөнінде ар­наулы бағдарлама қабылданды. Осылайша тұңғыш рет нарықтық негізде қаражатты мемлекеттік бюджетке толықтай қайтару шарты бар жоба басталды. Нәтижесінде он бір апатты үй тұрғындары жаңа пәтерлерге кіріп, 139 отбасы қоныс тойларын тойлады.

Қала маңын дамыту бағдар­ламасы бойынша Күйген­жар, Қазақ ауылы және Пригородный елдімекеніндегі жұмыстар толықтай аяқталды. 2020 жылға дейін осы сала бойынша іс жүзінде қалаға қосылған кенттердің барлығы да абаттандырылады.

Қаланың қауіпсіздігі аясында ауқымды жоба жүзеге асырылды. Енді, Астана қауіпсіздіктің жоғары технологиялық, ақ­па­рат­тық, инфра­құрылымдық жүйесі қалыптасқан үздік қалалар қата­рына кіреді.

Елорда экологиясын сақтауға бағытталған әлеуметтік мәні бар жоба – барлық автобус паркін газ жабдығына жоспарлы түрде көшіру басталды.

Қала үшін өте маңызды нысан – Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға беріліп, Батыс жартылай айналма жол салу жобасы тәмамдалды. Өз кезегінде Сарыарқа және Тұран даңғылдарындағы көлік ағыны тәулігіне 30 мың автомобильге дейін азайды.

ҚҰРЫЛЫС ҚАЙНАП ЖАТЫР

stroyka_1_03

Қазіргі кезеңде қалада тұрғын үй құрылысы екі мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылуда. «Қолжетімді бас­пана – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінің» желісі бойынша жалпы алаңы 25,5 мың шаршы метр 477 пәтерлі үш тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.
Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында 4180 пәтерлі 11 тұр­ғын үй салынып жатыр.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қазір жалпы алаңы 261,5 мың шаршы метр болатын 5674 пәтердің құрылысы аяқталды. Алдағы уақытта
2384 пәтер пайдалануға бе­ріледі деп күтілуде.

ДОНОР ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

эко 4

Былтыр елордамыз 15 жыл­дық мерейтойын атап өтті. Осы уақытқа дейін бас шаһарды дамытуға қаншама инвестиция тартылды. Бүгінде оның экономикалық пайдасы қаланы одан әрі кемелдендіру жолына жұмсалуда. Жалпы, Астана аяғынан нық тұра бастаған күннен бастап оның экономикасын көтеруге 4,8 трлн теңге салынған екен. Ал, биыл шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім мөлшері 1 трлн 100 млрд теңгеге жетіп, екі есеге артты. Халықаралық «Moodys» агенттігінің зерт­теуінше, 2013 жылы Астана қаласының кредиттік рейтингі «тұрақтылық» дәрежесінен «жағымдылық» дәрежесіне көтеріліп, тиісінше қарызы аз, экономикасы қарқынды қала ретінде танылды. Бұл Ас­тананың өзін-өзі қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеп отыр. Бұйыртса, елордамыз донор қалалардың біріне айналады.

 

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button