Қоғам

Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалауда

Қыс мезгілі басталғаннан бері елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын мыңдаған жол жұмысшысы мен түрлі арнайы техникалар жұмыс жұмылдырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 3 399 рейспен 46 мың текше метрге жуық қар шығарды.

24 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2 636 жол жұмысшысы және 1 608 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға қаладан 119 771 рейспен 1,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button