Қала мен сала

Астанада 2 700-ге жуық жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

Елордада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2 желтоқсан күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2,7 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 906 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 236 ауыр жүк рейсімен шамамен 2,5 мың текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 63 мыңға жуық рейс арқылы 800 мың текше метр қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласқан жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button