ЖаңалықтарҚала тіршілігі

АСТАНАДА 2014 ЖЫЛЫ «ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР САЛЫНАДЫ

1830746

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы ауданы 34,9 мың шаршы метрді құрайтын 670 пәтерлік үш тұрғын үй кешені салынады. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.

2014 жылы наурызда Сауран және №24 көшелердің қиылысында жалпы ауданы 10,9 шаршы метрлік 242 пәтерлік тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

2014 жылы маусымда С.Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы жалпы ауданы 9,7 мың шаршы метр көлемдегі 198 пәтерлік тұрғын үй тапсырылады.

Алдағы жылдың шілдесінде Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшесінің арасындағы Айнакөл көшесінде жалпы ауданы 14,3 мың шаршы метрлік 230 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады.

Биыл қараша айында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жалпы ауданы 11,9 мың шаршы метр 272 пәтерлік тұрғын үй кешенін салуға конкурс жарияланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button