Астанада 25-27 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді
Елордада жол-көлік оқиғаларының, одан келетін зардаптардың алдын алу және болдырмау, жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізушілерді анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаеваның айтуынша, 25-27 шілде аралығында өтетін шара кезінде жол-патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.
«Қауіпсіз жол» аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жол бермеуге бағытталған бірқатар рейд өткізіледі. Әсіресе, полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолын қадағалауға алады. Жергілікті транспорттық ұйымдармен бірігіп, қоғамдық көлік жүргізушілері мен такси қызметінде кездесетін құқықбұзушылыққа байланысты тиісті шара қабылданады, – дейді Л.Бисембаева.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық жол-патрульдік полиция қызметкерлері 77 мың құқықбұзушылық анықтаған.