Жаңалықтар

Астанада 30 шілдеден бастап қала маңындағы бағдарларға тарифтік аймақтар енгізіледі

Аймақтарға бөлу жүйесі – жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі жобасын енгізудің дайындық кезеңі.

tarif

Астананың қала маңындағы территориясы 4 тарифтік аймаққа бөлінген және әрбір аймақтың ұзақтығы – 15 шақырым. Қазіргі кезде қала маңындағы тасымал 14 маршрутпен қызмет көрсете отырып, 24 елді мекенді қамтиды.

Осыған дейін қолданылған (2016 жылдың 30 шілдесіне дейін) 84 тарифтен тұратын тарифтік кесте тасымалдаушылар мен жолаушылардың жұмысын әлдеқайда қиындатқан еді. Қала маңы территориясын аймақтарға бөлу арқылы тарифтер саны 5-ке дейін қысқартылды. Осы уақыттан бастап жолақының бағасы жолаушының қай тарифтік аймақта қозғалуына байланысты болады.

Астана қаласының қала маңы бағдарларында жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдау қызметінің бағасы Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазанындағы № 108-1759 «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Қаулысына сай орнатылған.

Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесінің бірінші кезеңі қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы (көліктік карталарды қолданбай) қала маңы бағдарларындағы жолақы бағасын өзгертуді тұспалдайды.

Көліктік карталарды сату пунктері туралы ақпарат қосымша баяндалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button