Қоғам

Астанада 6700-ден астам жарнамалық маңдайша алынып тасталды

Астанада қаланың сыртқы келбетін Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тіл туралы» заңдарының талаптарына сәйкестендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы барлық ауданда ғимараттардың қасбеттерінен 6700-ден астам жарнама элементі алынып тасталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорданың біртұтас сәулеттік-көркемдік келбетін қалпына келтіру жұмысын Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі орындайды. Мекеме сонымен қатар қала бойынша орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамаларды бақылауда ұстайды.

Алты аудан әкімдігінің қызметкерлері елорданың келбетіне сай келмейтін заңсыз жарнамаларды жою және кәсіп иелеріне түсіндіру бойынша тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп тұрады. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндірулер жүргізіліп, белгілерді өзгерту қажеттігі туралы буклеттер шығарылады.

Тек 2024 жылдың өзінде 1315-тен астам ғимарат пен құрылыстың қасбетіне визуалды тексеру жүргізілді. Мекеме қызметкерлері 7400-ден астам кәсіпкерлік субъектіні қабылдады, оларға ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулет-көркемдік жобалау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

Елорданың біртұтас сәулеттік-көркемдік келбетінің талаптарына сай келмейтін 6700-ден астам заңсыз орналастырылған сыртқы жарнама элементі мен маңдайшалар жойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button